МТРА жаңалықтары

4 күн бойы ормандағы жеркепеде тұрған

4 күн бойы ормандағы жеркепеде тұрған. Тайынша ауданында іс-түссіз жоғалып кеткен ер адам табылды. Димитровка ауылының 31 жастағы тұрғыны қыркүйектің соңында үйінен көлігін мініп кеткен күйі қайта оралмаған. Ұлының жоғалып кеткені туралы полиция қызметкерлеріне анасы хабарлапты. Жоғалған адамды 3 бірдей ауданның тәртіп сақшылары іздестірген.

Ақыры Тайынша ауданының тұрғыны Тораңғұл ауылы маңындағы орманнан табылады. Ол 4 күн бойы өзі қолдан жасаған жеркепеде тұрған. Жабайы дала алмасымен қоректеніпті. Үйінен кенет не себепті кетіп қалғаны анықталып жатыр.

Алдияр Айтпаев