4 күн бойы ормандағы жеркепеде тұрған

МТРА жаңалықтары

23:28 5 Қазан 2021

4 күн бойы ормандағы жеркепеде тұрған. Тайынша ауданында іс-түссіз жоғалып кеткен ер адам табылды. Димитровка ауылының 31 жастағы тұрғыны қыркүйектің соңында үйінен көлігін мініп кеткен күйі қайта оралмаған. Ұлының жоғалып кеткені туралы полиция қызметкерлеріне анасы хабарлапты. Жоғалған адамды 3 бірдей ауданның тәртіп сақшылары іздестірген.

Ақыры Тайынша ауданының тұрғыны Тораңғұл ауылы маңындағы орманнан табылады. Ол 4 күн бойы өзі қолдан жасаған жеркепеде тұрған. Жабайы дала алмасымен қоректеніпті. Үйінен кенет не себепті кетіп қалғаны анықталып жатыр.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

2021 жылғы 22 қыркүйектегі “МТРА жаңалықтары” қорытынды ақпараттық бағдарламасы
Петропавлда арамен емдеу ісі қолға алынбақшы
Борки кентінде жүгіруден жарыс өтті
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті электрондық аукцион өткізеді
Өңірде эпидахуал ушығып барады
2021 жылғы 28 қыркүйектегі “МТРА жаңалықтары” қорытынды ақпараттық бағдарламасы
Петропавлда рыцарьлар турнирі өтті
2021 жылғы 27 қыркүйектегі “МТРА жаңалықтары” қорытынды ақпараттық бағдарламасы
Су қоймаларына тұқы балықтары жіберілуде
Ауылдық округ әкімдері сайланды
СҚО мен ЕАЭО елдерінің сауда-саттығы артуда