МТРА жаңалықтары

Борки кентінде жүгіруден жарыс өтті

Сенбі күні Борки кентінде жүгіруден дәстүрлі жарыс өтті.Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараға 200-ден астам солтүстікқазақстандық спортшы қатысты. Бұл сында ер адамдар – 5, ал нәзікжандылар 3 шақырымға жүгірді. Кросс соңында мәре сызығын кескен қатысушылардың барлығына медальдар табыс етілді. Ал, жүлдеге іліккен жандар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сергей Мелехов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

– Жарыс 5 жас ерекшелігі бойынша өткізілуде. Бұл іс-шара бұқаралық спортты одан әрі насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бүгінде өңіріміз бұқаралық спортпен айналысатын жандардың саны жөнінен елімізде үздік бестікке кіреді.

Алдияр Айтпаев