Ауа райы

Қазан айына арналған ауа-райы болжамы

Қазан айында ауа-райы құбылмалы болмақ. Қазгидромед өкілдерінің хабарлауынша, алғашқы онкүндікте сынап бағанасы күндіз +5 құрайды. Ертең аймағымызда секундына 20 метрге дейін жететін жел соғуы және көктайғақ қатері күтілуде. Ал, екінші онкүндікте температура 15 градусқа дейін көтерілуі ықтимал. Одан кейін өңірімізде күн күрт суытпақ. Бұл кезеңде синоптиктер ауа температурасы минус 5-ке дейін төмендейді деп болжап отыр. Алдын ала жасалған болжамға сәйкес, қазанда жиі жаңбыр мен қар жаумақ.

Гүлзат Ғазизова, “Қазгидромет” АҚ СҚОФ бөлім басшысы:

– 3-ші онкүндікте түнде ауа температурасы миниус 4-9 градус аязды құрамақ. Күндіз 0-5 аязға дейін төмендеуі мүмкін. Жауын-шашынның мөлшері норма шамасында болады. Тек кей жерлерде асуы мүмкін.

Эльмира Садвокасова