Құқық қорғау органдары

Өңірдің 7 полицейінің шені өсті

Жылдам, қырағы және батыл. Облыс орталығында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға кезекшілікке түсетін мамандардың гарнизондық жиыны өтті. Салтанатты шарада өңірдің бас полицейі Марат Төлебаев 7 солтүстікқазақстандық тәртіп сақшысына жаңа шендерін табыстады. Көпжылдық адал еңбегі еленген полиция старшинасы Андрей Коржов «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері» медалімен марапатталды.

Эльмира Садвокасова