Қылмыс

Тұрғындар көбіне OLX, Kolesa.kz, Instagram және WhatsApp-та алданады

Алаяқтар солтүстікқазақстандықтарды көбіне танымал деген – OLX, Kolesa, Instagram және WhatsApp желілерінде алдайды. Бұл жайлы өңірдің тәртіп сақшылары онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

Статистикаға сүйенсек, соңғы 8 айда облыста 470-тен астам интернет алаяқтық фактісі тіркелген. 188 жағдайға қатысы бар деген күдіктілер өзге елдің тұрғындары болып шығыпты. Осыған байланысты полицейлер әлеуметтік желіде мониторинг өткізіп жатыр. Шара барысында жалған ақпарат таратқан 80-ге жуық фейк парақша бұғатталған. Мамандар тұрғындарға барынша мұқият болуға және жеке мәліметтерді бөгде адамға көрсетпеуге кеңес береді.

Маржан Касымбек