Қылмыс

СҚО-да марал атқан қорықшылар ұсталды

Кезекті тексеріс кезінде табиғат қорғаушылары Есіл ауданындағы «Красный бор» қорығында тұрған «Нива» автөкөлігін байқайды. Оның тіркемесінде қос маралдың еті салынған полиэтилен пакет жатыпты. Күдіктілердің бірі – 69 жастағы жергілікті тұрғын. Оның қасында тағы 2 тайыншалық ер адам болған. Біреуі полицейлер келгенше ізін суытып үлгерген көрінеді.

Күдіктілер қорықшы болып жұмыс істейді екен. Қызметтерінің құдыретіне сенсе керек аң аулауға деген ешқандай рұқсаты болмаса да жануарға оқ атқан. Етті алып шығу үшін сол жақта тұратын егде жастағы адамның көмектесуін сұрапты. Қазіргі күні аң аулауға арналған заттардың барлығы тәркіленіп алынған. Ет сараптамаға жіберілді.

Ерлік Есләмбеков, Есіл ауданы полиция бөлімінің бастығы:

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-ші бабының 4-ші тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің екеуі сол ауданда қорықшы болып жұмыс істеп келген екен. Екі адам қазіргі уақытта Есіл ауданының ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Жалпы, жыл басынан бері облыста 11 заңсыз аң аулау фактісі тіркелген.

Бердимурат Баймухан