Қылмыс

Полицейлер бір күнде 3 адамның заңсыз қару ұстағанын анықтаған

Полицейлер бір күнде 3 адамның заңсыз қару ұстағанын анықтаған. 2 күнде екі қару мен 100-ден астам оқ тәркілеп алған. Қос ауызды мылтық 24 жастағы жігіттен табылыпты. Құжат ұстауға тиісті құжаттары жоқ азамат – Есіл ауданының тұрғыны. Тәртіп сақшылары сол жерде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 482-ші бабына сәйкес хаттама толтырған. Сол күні заңсыз қос қару Тайынша мен Шал ақын аудандарының тұрғындарынан табылады. Жалпы, “Қару” жедел-алдын алу шарасы аясында 1400-ге жуық қару иесі тексерілген. Оның 30-ға жуығы қаруды сақтау нормасын сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Данаш Хамзина