Петропавлда өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті

ТЖД

22:08 1 Қазан 2021

Петропавлдағы мұнай өнімдерін сақтау және тасымалдауға арналған нысандардың бірінде апат болды. Нақтырақ айтсақ, төтенше жағдай теміржол эстакадасында орын алды. Мұнда жанармай құю кезінде бензин толы цистерна отқа оранды. Өрт сөндіруші мамандар тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтады. Бұл – облыс орталығында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиынының сценариі. Қызметкерлер тиісті тапсырманы орындаған соң, нысанның аумағымен жіті танысып, мамандармен тәжірибе бөлісті. Айта кеткен жөн, оқу-жаттығу жиынына 25 өрт сөндіруші мен 5 бірлік техника жұмылдырылды.

Николай Белоусов, СҚО ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары:

– Оқу-жаттығудың мақсаты – жеке құрамды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет өкілдерін эстакададағы жалынмен күреске дайындау. Шара барысында лафеттік өрт сөндіргіш пен көбікті қондырғылар қолданылды.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да өрттен 83 жастағы ер адам қаза тапты
19-қазан – Құтқарушылар күні
СҚО-да жыл басынан бері 500-ден астам өрт оқиғасы тіркелді
Жыл басынан өңір аумағында 547 өрт оқиғасы тіркелді
Жыл басынан Есіл ауданында 17 өрт оқиғасы орын алды
Өңірде “Жер-2021” командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындары өтуде
Петропавлда 2 күнде 2 өрт оқиғасы тіркелді
Жыл басынан бері Шал ақын ауданында 25 өрт оқиғасы тіркелген