Көлік және жолдар

Қаланың кіреберісіне олимпиадалық бес сақина орнатылды

“Чемпион” деп аталатын композицияға қосымша! Бескөл мен облыс орталығын жалғайтын республикалық маңызы бар жолдың қақ ортасына олимпиадалық бес сақина орнатылды. Спорттық белгі қаз-қатар тізілген 7 велошабандоздың дәл алдында тұр. Туындының астыңғы бөлігі – металлдан, сақинаның өзі шыны талшықтан жасалған. Облыс орталығының кіреберіс тұсына ерекше көрік беріп тұрған композицияны әзірлеуге ел бюджетінен 2 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалған екен.

– Біздің өңірден талай чемпион шыққан. Жаңа композиция сол спортшыларды еске салып тұрғандай.

– Туындыға қарап жас спортшыларымыз күш-жігер алатындығы анық. Композиция өзіме қатты ұнады.

Бердимурат Баймухан