Білім

Смирнов орта мектебінің мұғалімдеріне 2 млн теңге табысталды

2 млн теңге. №1 Смирнов селосындағы №1 орта мектебінің ұстаздарына осындай көлемде ақшалай сертификат табыс етілді.Білім ошағының 12 оқушысы «Елбасы медалі» бағдарламасының шарттарынан толық өтіп, қола жүлдеге ие болған. «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының көшбасшылығын дамыту орталығының жетекшісі Айгүл Қуатова бағдарламаның қола деңгейіндегі тапсырмаларын үздіксіз орындаған оқушыларды ынталандырғаны үшін мектепке ақшалай сертификат берілді. Айта кетейік, биыл облыста медаль иегерлерінің 29-ы мемлекеттік білім грантын жеңіп алған. Қазір өңір бойынша «Елбасы медалі» бағдарламасына 400-ден астам жас қатысып жатыр.

Алтынай Казиканова