Құқық қорғау органдары

СҚО-да көші-қон қызметінің мамандары 4 мыңға жуық заңға қайшы әрекет тіркеген

Жергілікті көші-қон қызметінің мамандары жыл басынан бері 4 мыңға жуық заңға қайшы әрекет тіркеген. Оның 3 мыңнан астамы Қазақстан Республикасында тиісті тіркеусіз немесе жеке куәлігінсіз жүруге қатысты. 400-ден астам жағдайда азаматтар елде болу мерзімін созып жіберген. 30-ға жуық адам өзге елдің азаматтығын алғандығы жөнінде дер кезінде хабарламаған. Тағы 70-ке тарта адам шетел азаматтығын алса да ҚР-ның азаматына тән құжаттармен жүре берген. Шетелдік еңбек күшін заңсыз тартқаны үшін 37 солтүстікқазақстандық жауапкершілікке тартылған.

Данаш Хамзина