Мәдениет

Шаһарда «Адамзаттың Абайы» атты жылжымалы көрме өтіп жатыр

«Адамзаттың Абайы». “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Абай Құнанбаевқа арналған жылжымалы көрме қанат жайды. Мұнда біртуар тұлғаның Семейден жеткізілген жеке заттары паш етілген. Оның ішінде, ұлы ақын кезінде қолданған ер тоқымы, құрсауланған кесесі, кіршомбалы мен асатаяғы бар. Сонымен қатар, үш ішекті домбырасы да қойылған. Солтүстікқазақстандықтар ойшылдың 1909 жылы Петерборда жарық көрген алғашқы жинағымен де таныса алады. Жәдігерлердің жалпы саны – 15. Көрме 1 айға жалғасады.

Арай Талғатқызы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің ғылыми қызметкері:

175 жылдық мерейтойы қарсаңында бірқатар қалаларды аралаған болатынбыз. Карантин салдарынан жергілікті музейдің сәті биыл түсті. Алдағы уақытта Батыс Қазақстанға баруды жоспарлап отырмыз.

Маржан Касымбек