Экология

Өңірдегі экологиялық проблемалар біртіндеп шешілмек

Өңірде 4 негізгі экологиялық мәселе бар екен. Жергілікті экологтар осылай деді. Мәселелер мынадай: өңірді көгалдандыру, полигонға қоқыс төгуді реттеу, қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту, ауаның күкіртсутегімен ластануын азайту. Аталған түйткілдерді шешу мақсатында өңірде арнайы жол картасы құрылыпты. 2025 жылға дейінгі жоба қазір кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Экологтардың айтуынша қала маңындағы ескі қоқыс полигоны жойылады, жерін қайта құнарландыру көзделіп отыр. Жаңадан қоқыс төгетін орын құрылады. Келесі мәселе – ауаның тазалығына көңіл бөлінеді.

Азамат Бектасов, СҚО бойынша экология департаментінің басшысы

2021 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында атмосфералық ауаның күкіртсутегі бойынша жоғары ластануының 7 жағдайы тіркелді. ШЖК-дан асу еселігі 10,07-ден 15,2-ге дейін құрады. «Қызылжар су» ЖШС балансында орналасқан «Биопруд» сарқынды су жинақтағышы күкіртті сутектің ШЖК артуының негізгі көзі болып табылады. Жол картасының 10-шы тармағына сәйкес тазарту құрылыстарын жаңғыртуды аяқтау 2023 жылға жоспарланған.

Дана Ешкенова