Билік

Бақылау-қадағалау органдары бизнес-қауымдастық алдында есеп берді

Соңғы 9 ай ішінде облыстық жер инспекциясының мамандары 25 жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарған. Оның 26 мың гектары ауыл шаруашылығына тиесілі алқаптар болса, қалған 14 мың гектары – құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін арналған орындар. Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай жатқан учаскелер қазіргі күні нақты жұмыс істеймін деген кәсіпкерлерге беріліп жатыр. Бұл жайында бүгін облысымыздағы бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында берген есебі кезінде айтылды.

Сонымен қатар, жиында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мен қолдау жөніндегі мәселелер де көтерілді. 3 жылдан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жергілікті департаментінде «PIB» жобасы жүзеге асырылуда. Аталған бастама аясында парақорлықпен күресуші мамандар облысымыздағы шағын және орта бизнес өкілдерін заңсыз тексеру жайттарынан қорғайды. Мәселен, биыл кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласуға қатысты 3 құқықбұзушылық орын алыпты және тұрғындардан 49 арыз-шағым келіп түскен. Аталған мәселелер бойынша тиісті шара қолданылып, кінәлілер жауапқа тартылған.

Нұрлан Жахин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

Қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы жергілікті серіктестіктердің бірінің директорынан 150 мың теңге көлемінде пара талап еткен. Осы үшін кәсіпкердің құжаттарын еш кедергісіз өткізіп беремін деп ұсыныс айтқан. Пара талап етуші жауапқа тартылды. Оған 9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бердимурат Баймухан