Көлік және жолдар

СҚО-да көлік жүргізушісі бір отар қойды соғып кетті

 

Оқиға қыркүйектің 24-і күні Есіл ауданындағы Явленка селосының маңында болды. Бақташы түс кезінде бір отар қойды жолдан өткізіп жатса керек. Сол сәтте 51 жастағы ер адам мінген Daewoo Nexia маркалы көлік тиісті жол белгісіне қарамастан қойларға келіп соғылған. Автомобиль 14 қойды қаға-маға барып бір-ақ тоқтаған. Ішінде жолаушысы болған. Көліктің иесі екеуі аман. Ауыл тұрғындардың малы сол жерде-ақ қырылып қалды.

Баян Байғаскина, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігі негізінде тиісті материал жиналды және шешім қабылдау мақсатында сотқа жіберілді. Медициналық сараптама кезінде жүргізушінің масаң күйде болмағандығы анықталды.

Әзірге, жол апатына қай тараптың себепші екендігі белгісіз. Жүргізушінің қандай жылдамдықпен жүргендігі анықталып жатыр. Кінәлі тергеп-тексеру және сараптамалық жұмыстар аяқталған соң анықталмақ. Бұл – жыл басынан бері өңірде малдың қатысуымен орын алған 2-ші жағдай.

Баян Байғаскина, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

Жалпы, өңірде 8 айда 100-ден астам жол апаты тіркелді. Салдарынан 20 адам көз жұмып, тағы 149-ы түрлі жарақат алған.

Жалпы, жыл басынан бері жолда жүру ережесін бұзуға қатысты 40 мыңнан астам факті тіркелген.

Маржан Касымбек