Ауыл шаруашылығы

Қазақстанда ет қымбаттады

Қазақстанда ет қымбаттады. Бұл туралы energyprom.kz мониторингілік агенттігі хабарлады. Соңғы сегіз айда баға 7,4 пайызға өскен. Негізгі өсім қой еті бойынша тіркеліп отыр. Жекелей алғанда қой еті 15 пайызға көтерілген екен. Жылқы еті 9,4 пайызға қымбаттаған. Сиыр еті мен шошқа етінің құны шамамен 7 пайызға жоғарылапты. Құс етінің бір келісінің бағасы 3,2 пайызға өскен. Тағы бір статистикамен бөлісейік. Елімізде қаңтар-тамыз аралығында ет өндірісі 43 мың тоннаны құраған екен. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,6 пайызға аз.

Байболат Култанов