ТКШ

Ғ.Мүсірепов ауданында кәріз тазарту нысаны іске қосылады

Ғ.Мүсірепов ауданының орталығы Новоишимское ауылында жабық кәріз тазарту нысаны салынып жатыр. Жоба Өңірдің экологиялық мәселелерін шешу жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған жол картасы аясында қолға алынған болатын. 2018 жылы салына бастаған ғимараттың құрылысы жақында аяқталып, нысан іске қосылады. Жергілікті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі өкілдерінің хабарлауынша, объектіде канализациялық сорғы станцияларынан аққан су тазартылмақ. Оны тіршілік көзіне айналдыру процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Яғни, механикалық, биологиялық тазарту және залалсыздандыру сатылары. Кейін су Есіл өзеніне қайта құйылады. Айта кеткен жөн, мұндай жабық кәріз тазарту орны елімізде алғаш рет қолданысқа тапсырылғалы отыр. Тәуліктік қуаттылығы 3 мың шаршы метрді құрайтын нысанның құрылысына 3 млрд 300 млн теңге қаржы бағытталған.

Бердимурат Баймухан