Спорт

Жас спортшылар президенттік көпсайыстан тест тапсырды

Граната лақтыру, ұзындыққа секіру және жүгіру. Өткен сенбі күні петропавлдық студенттер көпсайыстан президенттік тест тапсырды. Жарыс 3 деңгейден тұрды. Атап айтсақ, жеңіл атлетиканы жаны сүйетін жастар бастапқы, ұлттық және президенттік сынамаларда өз мүмкіндіктерін сынап көрді. Спортшылар осы аталғандардың әрқайсысы бойынша белгілі бір нормативті орындаулары қажет. Осылайша, өздерінің алдағы сайыстарға деген дайындығын тексереді. Іс-шара барысында ұлдар 100 метрге жүгірді. Бұл додада Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің студенті Жансерік Ержанұлы қарсыластарын шаң қаптырып кетті.

Жансерік Ержанұлы, Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің студенті:

Біз өткенде граната лақтырдық, ертең 1 км-ге жүгіреміз. Бұл сыннан да сүрінбей өтемін деп ойлаймын.

Бердимурат Баймухан