Мәдениет

Ұлттың тұтастығы мен жердің бүтіндігін сақтаған жандар

5 жарым ғасыр салып араға арайланып атқан ел. Жәнібек пен Керей қазығымызды қаққанға дейін де, кейін де халқымыз біраз қиындықты бастан өткерді. Ал батырларымыз болса ұлттың тұтастығы мен жердің бүтіндігін сақтау үшін жанын аяған жоқ. Халықтың тағдырын бәрінен де биік қойған жандар аз болмады. Солардың бірі де бірегейі жерлесіміз – Құлеке Тәңірбердіұлы.

Абылай Балтабаев, Құлеке Тәңірбердіұлының жерлесі:

Құлеке батыр – Шал ақын ауданының тумасы. 1702 жылы дүниеге келген. 1763 жылы дәл сол жерде көз жұмған. Батырдың еліне сіңірген еңбегі көп.

Құлеке Тәңірбердіұлы бірінші – даналығы, екінші – көзсіз ерлігінің арқасында елге сыйлы болған. Жас кезінде талай шайқасқа қатысып, жаудың бетін қайтарыпты. Ақыл тоқтатқан шағында саясат істеріне де араласып, Ресей және Қытай елшілерімен тығыз байланыс орнатуға қатысқан.

Абылай Балтабаев
, Құлеке Тәңірбердіұлының жерлесі:

Сәмеке хан Құлекені Санк-Петербургқа Анна патшайымға елшілікке жібереді. Сонда үлкен мәселелерді шешіп келеді. 63 жылға дейін дипломат есебінде де қызмет еткен.

Жиын барысында суырып салма ақын әрі батыр Қожаберген жырау жайлы да тың ақпарат айтылды.

Әсемгүл Қыдбекова, “Абылай хан резиденциясы” музей кешені директорының орынбасары:

Қожаберген жырау Жамбыл ауданы Күлтөбеде 1663 жылы дүниеге келіп, 1763 өмірден өткен. 100 жасаған кісі. Абылайға ақылын айтқан данышпан, мықты батырларымыздың бірі.

Онлайн ұйымдастырылған шараға қашықтан жергілікті университет студенттері мен Әскери институт курсанттары қатысты.

Маржан Касымбек