МТРА жаңалықтары

Су қоймаларына тұқы балықтары жіберілуде

Бұл балықтардың питомникте өсіріліп жатқанына 3 айдан асты. Осыдан 3 күн бұрын тіршілік иелерін мамандар бассейнге жіберген екен. Мемлекеттік тапсырысты толық орындау үшін оларды мұндағылар әрдайым бақылауда ұстайды.

Анастасия Молоткова, Петропавл балық питомнигінің цех меңгерушісі:

Балықтарды өсіріп-жетілдіру үшін оларды күнде арнайы азықпен тамақтандырамыз. Оттегінің бар-жоғын да бақылауда ұстаймыз. Апта сайын ауа жіберіп отырамыз.

Шабақтар өзен-көлдерге жіберілмес бұрын арнайы тексерістен өтеді. Яғни, әрқайсысының салмағы таразыда өлшенеді. Бір-біреуінің салмағы 12-13 грамнан кем болмауы тиіс. Тиісті шаралар жүргізіліп болғаннан кейін тіршілік иелері жаңа мекенге жіберіледі.

Виктор Фефелов, «Балық өнеркәсібі» ғылыми-өндірістік орталығы филиалының қосын меңгерушісі:

Суға жіберілген тұқы балықтарының 20 пайыздан астамы ғана тірі қалады. Петропавл балық питомнигінің мамандары аталған су жануарларын жергілікті және Сергеев су қоймаларына жыл сайын жібереді.

Мамандар бүгін тұқы балығының алғашқы легін Петропавл су қоймасына жіберді. Ал сәрсенбіде Сергеевка тұсына босатады. Жалпы, жылдағы жоспар – 1 млн-нан астам шабақ. Бұл бағытқа мемлекеттен 17 млн теңгеден астам қаражат бағытталған.

Алдияр Айтпаев