Денсаулық сақтау

Өңірде карантин жеңілдетіледі

СҚО-да қыркүйектің 28-нен, яғни ертеннен бастап карантин жеңілдетіледі. Аймақта соңғы екі аптада мыңнан астам адам тәж вирусын жұқтырған. Бұл – алдынғы қос жұмадағы көрсеткіштен 1,2 пайызға төмен. Демек, өлкемізде эпидахуал біртіндеп тұрақталып келеді. Осыған байланысты коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері карантин қағидаларына жеңілдіктер енгізіп отыр.

Жаңа қаулыға сәйкес, енді облысымыздағы сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер, спорткешендер мен фитнес орталықтарының барлығы демалыс күндері келушілерді қабылдай бермек. Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақыты түнгі 12-ге дейін ұзартылды.

Әсет Жұматаев, СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

Діни нысандар келушілерді қабылдап, іс-шаралар өткізе алады. Бірақ, сыйымдылық көрсеткіші 30% аспауы қажет. Тағы, спорттық сайыстарда көрермендердің толымдылығы 15% құрағаны жөн. Ал, театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдары келушілерді 20% дейін қабылдай алады.

Дана Ешкенова