Ауыл шаруашылығы

М.Жұмабаев ауданында құс тұмауы тіркелді

Мағжан Жұмабаев ауданында құс тұмауы тіркелді. Қыркүйектің 21-і мен 26-сы күндері аралығында Лебяжье ауылындағы 7 үйде мыңнан астам қанатты қырылып қалған. Мамандардың айтуынша, дерт үй құстарына жабайы қанаттылардан жұққан. Алдағы уақытта құс иелеріне өтемеақы төленеді. Қазіргі күні аталған елді мекенде жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нариман Жұмабаев, облыстық ветеринария басқармасының бас маманы:

Лебяжье ауылында 1584 құс вакцинацияланған. Облысымызға республикалық қордан 1 млн 242 мың доза вакцина бөлінді. Қазір Лебяжье ауылында карантин шараларын енгізу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Бердимурат Баймухан