Спорт

Әуесқой командалар арасында шағын футболдан сайыс өтті

Облыс орталығында әуесқой командалар арасында шағын футболдан турнир өтті. Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастамасымен, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға 40 жастан асқан жерлестеріміз қатысты. Дені – мемлекеттік орган қызметкерлері мен қала тұрғындары. Сондай-ақ, «Qyzyljar» футбол клубының ардагерлері де ат салысты. Барлығы – 10-ға жуық команда. Сайыс 2 күнге созылды. Жүзден жүйрік атанғандарға кубок, медаль табысталды. Одан бөлек ерекше көзге түскен спортшыларға түрлі номинация бойынша мақтау қағаздары табыс етілді.

Азат Каримуллин, ҚР ҰҚК СҚО бойынша департаментінің басшысы:

Іс шараны өткізудің негізгі мақсаты – тәуелсіздігімізді мадақтау. Мүмкіндігіміз келгенше өзіміздің спортқа деген көзқарасымызды жастарға көрсету керекпіз. Салауатты өмір салтын барынша насихаттау қажет.

Бердимурат Баймухан