Мәдениет

Арт-орталықта Валерий Хреновтың құрметіне көрме ашылды

Бала күнінен биге құштар болып, еліміздің мәдениет саласында өшпес із қалдырған жерлесіміз. «Qyzyljar» арт-орталығында осыдан 25 жыл бұрын өмірден озған Валерий Хреновтың құрметіне көрме ашылды. Көрмеге “Арай” халық би ансамблінің бұрынғы көркемдік жетекшісі Валерий Ивановичтің фотосуреттері, құжаттары және алған марапаттары қойылған. Еске алу кешіне талант иесінің әріптестері, достары мен шәкірттері жиналды. Олар өз естеліктерімен бөлісті. Марина Черепанова Валерий Хреновтен 15 жыл бойы сабақ алған. Жетекшілерінің өз ісінде кәсіби шебер болғанын айтады. Ұжымның әр қатысушысын ерекше бағалап, би әлеміне деген қызығушылықтарын арттыра түскен екен.

Марина Черепанова, қала тұрғыны:

Валерий Хренов жетекшілік еткен ансамбльде 17 жыл өнер көрсеттім. Сол кездегі әр бидің қимылдары әлі күнге дейін есімде. Бұл жетекшіміздің ерен еңбегінің арқасында деп білемін және ол кісіден өмірлік азық болар біраз дүние үйрендім.

Алтынай Казиканова