Денсаулық сақтау

СҚО-да бір күнде 71 адам коронавирус жұқтырды

Індеттің беті қайтар емес. Қазақстанда бір күнде 2 жарым мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Науқастардың басым бөлігі – алматылықтар. Оңтүстік астанада коронавирусқа 500-ден астам адам шалдыққан. Солтүстік Қазақстан облысында – 71 жағдай. Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы – қыркүйектің 4-інен бері “сары” аймақта.

Жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, ал өңірде соңғы 2 аптада сovid-19 инфекциясын жұқтыру деңгейі 12 пайызға төмендеген екен. Алайда, мамандар арқаны кеңге салуға әлі ерте дейді. Санитариялық шаралар сақталмаған жағдайда инфекция күрт өршуі мүмкін. Сондықтан, дәрігерлер әлі де барлық талаптарды сақтау қажеттігін ескертеді.

Дана Ешкенова