Ауыл шаруашылығы

Өңірде орақ науқаны аяқталуға жақын

Өңірде орақ науқаны аяқталуға жақын. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мамандарының хабарлауынша, бүгінге дейін жергілікті диқандар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға тиесілі 2 млн 900 мың гектар жердегі ырыздықты қамбаға құйған. Жоспардың орындалу көрсеткіші 96,1 пайызды құрайды. Элеваторларға жеткізілген алтын дәннің көлемі 3 млн тоннадан асып жығылады. Орташа гектар берекелігі – 10,8 центнер.
Енді майлы дақылдарға тоқтала кетейік. Өлкеде 467 мың гектардағы немесе майлы дақылдар үшін бекітілген алқаптың 48,8 пайызындағы өнім жиналған. Түсім 5,9 центнерді құрайды. Сондай-ақ, аққайыңдар өлкесінде 258 мың тоннадан астам картоп жиналған.

Дана Ешкенова