Құқық қорғау органдары

Солтүстікқазақстандық 8 жарым млн теңгеге алданып қалды

Ойда-жоқта 8 жарым млн теңге көлемінде қарыз арқалады. Солтүстікқазақстандық полицейлер Петропавл тұрғынының атына несие рәсімдеген алаяқты іздестіріп жатыр. Алаяқтардың қармағына түскен нәзікжандыға әуелде хабарласқан қулар өздерін банк қызметкері ретінде таныстырған. “Сіздің атыңызға біреулер несие алмақшы” деп алдап соғып, бұл әрекетке қарсы амал ретінде 2 млн несие алып, оны резервті шотқа аударуға кеңес берген.

Кейін алаяқ тағы да қоңырау шалып, басқа банктен несие рәсімдеп жатыр деп сендірген. Бұл схеманы ол бір емес, бірнеше рет қайталапты. Нәтижесінде әйел адам 5 бірдей банкке қарыз болып қалды. Борыштың жалпы сомасы – 8 жарым млн теңге. Алаяқтың құрығына түскенін түсінгенде бірден полицейлерге арыз жазған.

Эльмира Садвокасова