Спорт

“Qyzyljar” ФК қостанайлық “Tobol” командасына есе жіберді

Ал, “Qyzyljar” футбол клубы жеңіліске ұшырады. Кеше командамыз қостанайлық “Tobol”-ға есе жіберді. Қазақстан кубогы аясында сырт алаңда өткен қарымта матч 1 де 0 есебімен аяқталды. Осылайша, солтүстікқазақстандықтар кубог үшін өткен бәсекені аяқтады. Енді тек премьер-лигада өнер көрсетпек. Келесі кездесуді теріскейлік аяқ доп шеберлері түркістандық “Turan” құрамасына қарсы өткізеді. Ойын қыркүйектің 26-сы күні Петропавлда өтеді. Айта кету қажет, қазіргі таңда “Qyzyljar” турнирлік кестенің 4-ші сатысында тұр.

Алдияр Айтпаев