Петропавлда “Сана” әдеби-музыкалық клубы ашылды

Мәдениет

22:11 22 Қыркүйек 2021

Қазіргі қоғамда ана тілін менсінбей, шұбарлап жүрген қазақ жастары аз емес. “Бұл қоршаған орта мен үйдегі тәрбиеге байланысты”,- дейді ақын, Журналистер одағының мүшесі Марал Оспанова. Марал Зейнел-Ғабиқызы бала ұлтжанды болып өсуі үшін оған “Сен қазақсың, сенің елің – қазақ елі, ана тілің – қазақ тілі” деп үнемі айтып отыру қажет дейді.

Марал Оспанова, ақын, ҚР Журналистер одағының мүшесі:

– Қазіргі заманда қазақ тілінің ауқымы тартылып, өзге тілде сөйлейтін адамдар көбейіп кетті. Сондықтан, кішкентай балаларымызды бесік жасынан бастап өз тілінде сөйлеуге үйрету қажет. Ол үшін қазақ әдебиетін, ертегі-жырларды жақсы білуге жалықпауымыз керек.

Қазақ әдебиеті мен халық ауыз шығармашылығын насихаттау мақсатында И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханда “Сана” әдеби-музыкалық клубы ашылып отыр. Ұйымның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына, адамгершілік-патриоттық тәрбиесіне ықпал ету.

Алтынай Сыздықова, И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханасының әдіскері:

Әдеби-музыкалық деп аталған себебі, қазіргі таңда көптеген қазақ тіліндегі шығармалар аса сұранысқа ие емес. Сондықтан клуб мүшелерімен бірге әнде, өлеңде айтылады.

Клубқа 12 адам мүшелік етеді. Олардың барлығы – қазақ тілі жанашырлары мен қоғам белсенділері. Араларында Қозыбаев университетінің доценті Гүлбақша Мұсабаева да бар.

Гүлбақша Мұсабаева, Қозыбаев университетінің доценті:

Тіл мәселесі өте өзекті. Клубтың мүшесі ретінде алдағы уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен түрлі іс-шаралар ұйымдастыратын боламыз.

“Сана” әдеби-музыкалық клубына мүшелік ететін жандар алдағы уақытта жастармен кездесу ұйымдастырып, тіл мәселесін көтермек. Мұндай жиындар әр апта сайын өтеді деп жоспарлануда.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлға алматылық театр гастрольдік сапармен келеді
Алматылық театрдың Петропавлға жасаған гастрольдік сапары аяқталды
Явленкадағы мәдениет үйі жөнделіп жатыр
Шаһарда “Жүз жылдық махаббат” спектаклі сахналанды
Петропавлда зейнеткерлерге арналған орталық ашылды
Солтүстікқазақстандықтар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап жоба дайындады
«Асыл мұра» орталығының негізін қалаушылардың құрметіне мемориал тақта орнатылды
Шаһарда «Адамзаттың Абайы» атты жылжымалы көрме өтіп жатыр
Қызылжарға М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры келді
Алаш қозғалысына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті
Облыстық қуыршақ театры 32-ші маусымын ашты
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде қос көрме жұмыс істеуде