ТЖ

Өңірде “Жер-2021” командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындары өтуде

Өңірде “Жер-2021” командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Дәстүрлі іс-шара осыдан екі күн бұрын Ғ.Мүсірепов ауданында бастау алды. Мұнда солтүстікқазақстандық құтқарушылар төтенше жағдайларға дайындықтарын пысықтауда. Алдын ала бекітілген жоспарға сәйкес, жиынның бастапқы кезеңінде мамандар техниканың жағдайын тексеріп, зардап шеккендер жедел түрде жеткізілетін медициналық орындар мен эвакуациялық пункттің әзірлігін байқады.

Мұрат Қанғожинов, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Оқу-жаттығу барысында мамандар шамалы олқылыққа жол берді. Құтқарушылар кез келген жағдайға сақадай сай болуы керек. Сол себепті, оларға қателіктер бойынша жұмыс істеу тапсырылды.

Маржан Касымбек