Қоғам

Өңірде “Сақтан” акциясы өтуде

Бүгін қалалық жастар ресурстық орталығы мен “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің өкілдері облыс орталығында “Сақтан” акциясын өткізді. Шараның мақсаты – жемқорлықтың алдын алу мен жалпы, бармақ басты, көз қыстылықтың салдарын түсіндіру. Сондай-ақ, жастар пара алу немесе пара беру фактісі жайлы естіп-білген адам ол турасында тиісті органға хабар берсе, оған сыйақы тағайындалатыны жайлы айтты.

Әлфараби Мыңбай, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

Облыс тұрғындарына айтарымыз, егер де қандай да бір жемқорлық фактісін көрген не естіген болсаңыз, 1424 нөміріне хабарласыңыздар. Қоңырау шалған адамның аты-жөні ешқайда жария етілмейді. Барлығы анонимді түрде өтеді. Егер де факті дәлелденіп, сотқа дейін баратын болса онда ол жанға сыйақы беріледі. Ақшалай қолдаудың мөлшері алынған пара мен ақшаның 10%-ын құрайды.

Алдияр Айтпаев