ТЖ

Жыл басынан Есіл ауданында 17 өрт оқиғасы орын алды

Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жұлдыз Есенғазиннің айтуынша, өрттің басым көпшілігі үйдегі пештен туындаған: жылыту құралы дұрыс салынбайды немесе дұрыс қолданылмайды. Осы орайда мамандар аудан көлемінде 150-ден астам рейд шарасын өткізіпті. Қауіпсіздік ережелері жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті талапты ескермеген тұлғаларға қатысты 3 әкімшілік хаттама толтырған.

Жұлдыз Есенғазин, Есіл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы:

– Егін ору науқанына байланысты ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне де арнап түсіндіру шараларын ұйымдастырдық. 300-ден астам адамға қауіпсіздік ережелерін егжей-тегжейлі баяндап бердік. Биыл ауданда дәл ауыл шаруашылығы аумақтарында өрт тіркелген жоқ.

Бердимурат Баймухан