Мәдениет

Петропавлға алматылық театр гастрольдік сапармен келеді

Өнерсүйер қауымның құлағына алтын сырға! Қыркүйектің 30-ы күні Петропавлға атақты М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының ұжымы гастрольдік сапармен келеді. Алматылық меймандар Петропавлда 1 аптадай болып, 6 қойылым сахналамақ. Әр туындыда 40-тан астам актер өнер көрсетеді. Арасында Еркебұлан Даиров, Дулыға Ақмолда және Асылбек Боранбай сынды елімізге танымал әртістер бар. Айта кетейік, бұл ұжымның көркемдік жетекшісі – Қазақстанның “Еңбек ері” Асанәлі Әшімов.

Жанагүл Қайратқызы, М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының әкімшісі, Алматы қаласы:

Шымылдықты “Жүз жылдық махаббат” спектаклімен ашамыз. Кешкі 7-де басталады. Кейін, “Бес бойдаққа бір той”, “Қоштасқым келмейді…”, “Сыған серенадасы”, “Жау жүрек” туындылары ұсынылады. Соңында Абайдың қара сөздерінен құралған “Қара” спектаклі қойылады.

Маржан Касымбек