Денсаулық сақтау

Қазақстанда той-томалақ өткізуге рұқсат берілді

Қазақстанда той-томалақ, отбасылық жиындар өткізуге рұқсат берілді. Соңғы екі аптада елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, коронавирусты жұқтыру деңгейі мен өлім-жітім көрсеткіші 60%-ға төмендеген. Бүгін бұл жайында ведомствоаралық комиссия отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Осыған байланысты бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

Яғни, қыркүйектің 27-сінен бастап елімізде салтанатты, естелік, отбасылық, ұжымдық іс-шаралар өткізуге рұқсат беріліп отыр. Тек аталған жиындарға «Ashyq» қосымшасы арқылы «қауіпсіз» мәртебесі бар қызметкерлер мен меймандар ғана қатыса алады. Егер белгілі бір өңір “жасыл” аймақта болса, онда қонақ саны – 100 адамнан, “сары” аймақта болса – 70-тен, ал “қызыл” аймақта болса 50-ден аспауы тиіс.

Бердимурат Баймухан