ТКШ

Петропавлда жылыту маусымы басталды

Петропавлда жылыту маусымы басталды. Жылу кезең-кезеңмен беріледі. Бірінші әлеуметтік маңызы бар нысандарға жетеді, кейін көпқабатты үйлер қамтылады. Облыс орталығында мыңнан астам көпқабатты үй бар. Оның барлығында құбырды жуып-шаю жұмыстары уақытында жүргізіліп, тиісті куәліктері берілген. Жалпы, жоспар бойынша облыс орталығы жылумен 10 күннің ішінде толық қамтылады.

Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Қала әкімінің қаулысына сәйкес, 20-шы қыркүйектен бастап Петропавл бойынша жылыту маусымы басталады. Алғашқы 2 күнде әлеуметтік нысандарға берілмек, кейін аудан бойынша бөлінеді. Алдымен 19-шы, 20-шы ықшам аудандар, кейін Борки, Жұмысшы кенттері.

Дана Ешкенова