Құқық қорғау органдары

Петропавлда жол-көлік апаты салдарынан 1 адам қаза тапты

Петропавлда тағы да жан түршігерлік жол апаты. Оқиға Қыркүйектің 19-ы таңғы 4 шамасында Жамбыл Жабаев пен Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысында болды. «Toyota Avensis» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бағдаршамға соғылған. Салдарынан екі жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, зардап шеккендердің бірі алған жарақаттарынан емдеу мекемесінде көз жұмды.

Сараптама нәтижесі көрсеткендей машина тізгінінде болған адам ішімдік ішкен. Ол ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128 бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жалпы, жыл басынан өңірде 115 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 22 адам қаза тауып, 157 адам түрлі деңгейде жарақат алған.

Баян Байғаскина, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері: маневр ережелерін бұзу, жаян жүргіншілермен жол ережелерін бұзу болып табылады.

Эльмира Садвокасова