ТЖ

Құтқарушылар өрттің алдын алу мақсатында рейд өткізді

Жылыту маусымы кезінде жеке секторда қауіптілік арта түседі. Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында өңір құтқарушылары қыркүйектің 13-і мен 19-ы аралығында республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өткізді. Сенбі күні мамандар көпбалалы, әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларды аралады. Акция барысында үйлерге арнайы датчиктер орнатып, есіктерін қаптауға жәрдемдесті. Айта кеткен жөн, құтқарушылардан бөлек рейдке полицейлер мен әлеуметтік қызметкерлер де қатысты.

Жанат Жұмажанов, қалалық ТЖБ бас маманы

– Кейбір үйлердің пештерінде жарықтар бар. Электр сымдары да дұрыс байланыспаған. Бұл өрттің пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Тұрғындардан сақтық шараларына баса мән беруді сұраймыз.

Алдияр Айтпаев