Құқық қорғау органдары

СҚО-да жалған ПТР-тест құжатын жасайтын цех әшкереленді

Петропавлда жалған ПТР-тест құжатын жасайтын цех әшкереленді. Заңсыз ұйым қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде жасырынған екен. Тасада орналасқан нысанда пандемия кезінде Ресеймен шекарадан кедергісіз өту үшін жалған анықтама жасап, оны сатқан. Пәтерді тінту барысында қазақстандық және ресейлік медициналық ұйымдардың мөрлері, жергілікті клиникалық-диагностикалық зертхана мен емхананың ПТР-тестілерінің қорытындылары табылған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 394-бабының 2-бөлігі “Адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған заңсыз көші-қон фактісі” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дана Ешкенова