Білім

Өңірде ерекше күттімді қажет ететін 4 мыңнан астам бала бар

Әр баланың тілін тауып, көңілін аулай білу. Шынар Даниярова денсаулығы мен дамуында кінәраты бар ұл-қыздармен жұмыс істеу барысында ең алдымен осыған мән береді. Себебі, мұндай балғындар тұйық келеді, ойындағысын толық жеткізе алмайды. Осы орайда оларға ерекше көңіл бөлу керек.

Шынар Даниярова, №8 жалпы орта білім беретін эстетикалық тәрбие-мектеп кешенінің педагог-ассистенті:

– 3 жылдық педагогикалық тәжірибем бар. Ал педагог-ассистент ретінде 2-ші жыл жұмыс жасаудамын. Бұл жерде жұмыс жасау қиын болса да бұл балалардың мінез-құлықтарын зерттеп, оларға қандайда бір көмегімді бергім келеді.

Педагог-ассистент маман мұндай балаларды үйінен қарсы алады. Сабақ аяқталғанша жанынан бір елі ажырамайды. Ал егер де бала шаршап, өзің жайсыз сезінсе оны инклюзияны қолдау кабинетіне апарады. Сол жерде балғын тынығып, демалады. Кейін педагог-ассистентпен бірге сабақ оқиды. Қала мектептері бойынша мұндай арнайы 3 бөлме бар.

Әйгерім Уәлиева, №8 жалпы орта білім беретін эстетикалық тәрбие-мектеп кешенінің директоры:

– Біздің мектебіміздің қабырғасында инклюзияны қолдау кабинетіне 2019 жылы «Болашақ» қорының қолдауымен ашылды. Бүгінгі күні бұл кабинетте 8 бала оқиды. Оларға 8 педагог-ассистент қызмет көрсетеді. Олар – бастауыш сынып мұғалімі мен дефектолог мамандығын бітіргендер.

Мамандардың айтуынша, өкінішке қарай, жыл өткен сайын өңірде мұндай балалардың саны артып барады. Облыста ерекше көмек пен күтімді қажет ететін 4 мыңнан астам бала бар.

Алдияр Айтпаев