Денсаулық сақтау

“Ел үшін егілемін” азаматтық штабының өкілдері баспасөз брифингін өткізді

Жұмыс сапарының соңында “Ел үшін егілемін” азаматтық штабының өкілдері өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында онлайн брифинг өткізді.

Бүгінде қазақстанда вакциналанбағандардың саны 10 млн-нан асып жығылады. 6 млн-нан астам адам екпенің толық курсынан өткен. Оның 211 мыңнан астамы – теріскейлік тұрғын. Елордадан келген мамандардың сөзінше қалыпты өмірге оралуымыз үшін екпе егу барысына әлі де қарқын қосу қажет. Елімізде вакцина алғандардың арасында тәж вирусына шалдығу жағдайлары тіркелген. Науқастар вирустың жеңіл түрімен ауырған.

Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:

– Өткен тәулікте елімізде 3343 азаматымыз коронавирус инфеуциясына шалдыққан. Оның 98 пайызы вакциналанбаған жандар. Егер екпе алған адамдар тәж вирусын жұқтырғанның өзінде ауруды жеңіл өткереді.

Дана Ешкенова