Денсаулық сақтау

Азаматтық штаб өкілдері екпе егу қосындарын аралады

«Dostyq Mall» сауда үйіндегі мобильді екпе салу қосыны наурыз айында ашылды. Қала тұрғындарына 1-ші қалалық емхананың дәрігерлері осы жерде қызмет көрсетеді. Мамандардың сөзінше әуелде дертке қарсы екпе салдыртам деушілердің қатары қалың болған. Қазір келушілердің саны азайған көрінеді. Күніне 40-50 адам иммундау шарасынан өтеді.

Денис Бресь, №1 қалалық емхананың жалпы тәжірибедегі дәрігері:

– Алғаш ашылғанда бір күнде 100-120 адамға екпе салатынбыз. Қазір келушілер азайды. Біз вакцина салып қана қоймай тұрғындарға екпенің коронавируспен күрестегі тиімділігін айтамыз.

Бұдан кейін азаматтық штаб өкілдері «City Mall» сауда үйіндегі екпе егу қосынына барды. Мұнда 3-ші қалалық емхананың дәрігерлері еңбек етеді.

Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:

– Жалпы, ең бірінші мақсатымыз – вакцинацияға деген сенімі жоқ азаматтармен кездесу, жұмыс берушілермен кездесіп бағыт-бағдар беру, ортақ проблеманы шешіп, профессорларды, дәрігерлермен барлық платформаларда кездесіп, әңгіме жүргізу.1,46 Екпе егу пункттері қандай жағдай жасалып жатқанын көріп, тұрғындарды екпе алуға көндіру. Осылайша, біз пандемияны жеңеміз.

Қазіргі уақытта облыс көлемінде 100-ге екпе егу қосыны жұмыс істеп тұр.

Алдияр Айтпаев