Қоғам

Аналар күні қарсаңында облыс орталығында мерекелік іс-шара өтті

Жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде елімізде Аналар күні аталып өтіледі. Мереке қарсаңында бүгін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында аналар мен балалардың қатысуымен мерекелік іс-шара өтті. Жиын барысында балалар шығармашылығы көрмесі, қолөнер жөнінен шеберлік сағаты мен сурет байқауы ұйымдастырылды. Шара соңында қатысушыларға тәтті-дәмді мен дипломдар табыс етілді. Айта кету қажет, бұл мереке 2012 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен ресми түрде бекітілді.

Марал Күлекина, “Қоғамдық келісім” КММ бөлімінің жетекші сарапшысы:

– Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Менің аяулы анашым» сурет байқауын өткізді. Мұнда 45 жұмыс ұсынылды. Сайысқа 15 жасқа дейінгі балалар қатысты. Мастер-класс та өткізілді.

Алдияр Айтпаев