Құқық қорғау органдары

211 мыңға жуық теріскейлік иммундау шарасының толық курсынан өтті

Елімізде 8 айдан бері вакцинациялау науқаны жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін 7 млн 19 мыңнан астам адам екпенің 1-ші компонентін салдырған. Ал 6 млн-нан астам қазақстандық иммундау шарасының толық курсынан өткен. Оның 211 мыңға жуығы – теріскейлік.

Вакцинаны салдырту әр адамның иммунитеті үшін керек. Қылыпты өмірге оралу үшін вакцина септеседі деп ойлаймын.

– Мен де екпе алдым. Оның ешқандай қауіптілігі жоқ деп ойлаймын.

Қоғам арасында екпе алуға қарсы жандар жоқ емес, бар. Осы ретте ғалымдардың ойымен бөлісейік. Шетелдік мамандардың зерттеуіне сүйенсек, вакцина қабылдаған адамдардың коронавирусқа шалдығу ықтималдылығы 10 есе төмен. Ал, иммундалмаған жандардың індет жұқтырып алу қаупі 4,5 есе жоғары екен. Осыдан қорытынды шығаруға болады. Әлемдік статистиканы да тілге тиек етейік. Бүгінде дүниежүзінде екпе салу көрсеткіші бойынша бірінші орында Португалия елі тұр. Мұнда халықтың 85 проценттен астамы коронавирусқа қарсы вакцина қойдырыпты.

Энрике Гувейя-И-Мело, Португалиядағы вакциналау науқанының үйлестірушісі:

– Халықты вакциналау көрсеткіші бойынша біздің еліміздің қандай орында тұрғаны маған аса маңызды емес. Мен вирустың таралу аумағы, қарқыны бақылауда болғанын қалаймын. Індетті ауыздықтау үшін ел азаматтарын вакциналау жұмыстарына барынша тезірек қарқын қосу қажет.

Ұлыбританияда толық иммундау курстарынан 44 млн-нан астам адам өткен. Аталған мемлекетте жақында 12 мен 15 жас аралығындағы балаларды вакциналау жоспарланып отыр. Ал, Жапонияда халықтың тең жартысы екпе қойдырған. Әлемдік статистикаға сүйенсек, вакциналанбағандардың басым бөлігі – еуропалықтар.

Дана Ешкенова