Солтүстікқазақстандық аграрий гектарынан 27 центнер рапс жинауда

Аптадағы маңызды жаңалықтар

22:56 15 Қыркүйек 2021

“Митронин” серіктестігі егін егумен 1998 жылдан бері айналысып келеді. 2013-ке дейін мамандар тек бидай мен арпа өсіруге ден қойған. Кейін майлы дақылдарды себуді де қолға алыпты. Алғашқы жылдары зығыр мен рапстың шығымдылығы 12 центнерді құраса, бүгінде гектар берекелігі екі есе өскен.

Кирилл Митронин, «Митронин» ЖШС директоры:

– Рапс өсіру үшін алқапты күзден бастап дайындау қажет. Майлы дақылдың бұл түрі ылғалдың мол болуын қажет етеді. Топырақтағы су мөлшері кемінде 600 мм-ді құрауы тиіс. Сондықтан, орақ науқаны аяқталғанда жерді тереңдігі 35 см-дей етіп жыртамыз. Көктемде екі мәрте ылғал жабу шарасы жүргізіледі. Ал, мамырдың 20-сынан кейін рапс егуге кірісеміз.

Рапс тұқымын диқандар топыраққа құрама тыңайтқышпен бірге сіңіреді. Жер жарып, бой көтерген өсімдіктерді қорғау бойынша да бірқатар шаруа атқарылады. Мамандар зиянкестерден 2 мәрте, арамшөпке қарсы бір рет өңдеу жүргізеді. Сонда ғана жоғары өнімге қол жеткізуге болады екен. Жоғарыда аталған технология толық сақталып, уақытылы және нәтижелі жүргізілсе, дақыл тіпті екінші жыл қатарынан орын алып жатқан құрғақшылыққа да төтеп бере алады. Мәселен, биыл дәл осы учаскеде жаңбыр тек шілде айында жауған. Ал, мамыр мен маусымда бір тамшы да жауын-шашын болмапты. Десе де, серіктестік қазір рапсты гектарына 27 центнерден жинап жатыр.

Эльмира Сәдуақасова, тілші:

– Рапсты жинаудың өзі де ұзақ процесс. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, бір комбайн күніне 50 гектар жердегі бидайды бастыра алады. Ал, рапс үшін бұл көрсеткіш тура екі есе төмен. 25-ақ гектар.

Аграрийлер зығыр мен дәнді дақылдарды өсіруге де аса мән береді. Бүгінде серіктестік орақ науқанын 60 пайызға тәмамдапты. Алдын ала болжам бойынша бидайдың гектар берекелігі 18-20 центнердің шамасында. Ал, облыс бойынша дәнді дақылдардың шығымдылығы қазір 10,7 центнерді құрайды. Жалпы, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының ақпарына сүйенсек, өңірде бидай, арпа мен сұлыны жинау жұмыстарының 80 проценті тындырылды. Яғни, 2 млн 402 мың гектардың алтын астығы қамбаға құйылды. Ал, майлы дақылдарға қатысты нақты ақпар жөнінде басқарма мамандары айта алмады.

Эльмира Садвокасова

Бұдан әрі оқыңыз

Әлеуметтік нан қымбаттамайды
Облыс ардагерлерінің VIII есеп беру-сайлау конференциясы өтті
Ел Президенті қазақстандықтарға арналған Жолдауын жариялады
Петропавл электротехникалық зауыты алғашқы өнімін қазан айында шығарады
Жетекші ғалымдардың жалақысы артады
Нұротандықтардың уәделері қаншалықты орындалуда?
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен СҚО-ға келді
2025 жылға дейін 52 тауарлы-сүт фермасы іске қосылады
Денсаулық сақтау саласы өкілдері Жолдауға үн қосты
Облыс әкімі жұмыс сапарымен Аққайың ауданында болды
Облыс әкімі жұмыс сапарымен М.Жұмабаев ауданында болды
Облыстық әкімдік отырысы өтті