Құқық қорғау органдары

СҚО-да 4 күнде 24 мас жүргізуші ұсталды

Өңірде 4 күнде 24 мас жүргізуші ұсталды.Қолға түскендердің бірі – “Газель” автокөлігінің жүргізушісі. Полиция қызметкерлері 25 жастағы жігітті Петропавл маңында тоқтатқан. Медициналық тексерістің нәтижесінде ер адамның ішімдік ішкені анықталды. Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы негізінде тиісті материал жиналды. Ер адам 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған.

Айта кетейік, қыркүйектің 10-ы күні бастау алған «Мас жүргізуші» облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жалпы саны 2 мыңға жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу жайты тіркелген. Қаңтар-тамыз аралығында облыста масаң күйде көлік жүргізген 730-дан астам адам жауапкершілікке тартылған. Тентек суға тойып алып, рөлге отырған жүргізушілердің қатысуымен 16 жол-көлік оқиғасы болған. 5 кісі қаза тауып, 22 адам жарақаттанған.

Дана Ешкенова