СҚО-да 2 сібір елігін атып алған үшеу ұсталды

Құқық қорғау органдары

22:57 15 Қыркүйек 2021

Заңсыз аң аулап, олжаларын бөлісіп жатқан жерінде ұсталды. 3 солтүстікқазақстандық өңірдегі қорықтардың бірінде 2 бірдей сібір елігін атып алған. Заңсыз аңшылық құрған үшеудің әрекеті Қылмыстық кодекстің 337-бабы аясында  сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Аңшысымақтар  6 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Қызылжар ауданындағы Согоровский қорығынан түн ортасында мылтықтың дыбысы естіледі. Мұны сол маңда рейдте жүрген полиция қызметкерлері мен қорықтың бас аңшысының құлағы шалады. Біраз жүріп олжаларын ортаға салып, бөлшектеп жатқан 3 браконьердің үстінен түседі. Тағы бір жануар «Toyota» маркалы көліктің жүксалғышынан табылды. 50-ден асқан және 40-қа таяған ер адамдар – петропавлдық, ал 51 жастағысы – Мамлют ауданының тұрғыны.

Гүлжан Байтұсова, Қызылжар аудандық ПБ аға тергеушісі:

– Тексеріс барысында аңшылардан балта, пышақ пен ойық ұңғылы карабин алынды. Бұл факті ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігі «Заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілер заңға сәйкес, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе бас бостандығы шектелуі ықтимал.

Жалпы, жыл басынан бері облыста заңсыз аңшылыққа қатысты 10 факті тіркелген. Сондай-ақ, аң аулау қағидаларын бұзған 400-ден астам адам анықталған.

Маржан Касымбек

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да жалған ПТР-тест құжатын жасайтын цех әшкереленді
Бидай ұрламақшы болғандар ұсталды
Солтүстікқазақстандық 8 жарым млн теңгеге алданып қалды
Өңірде заңсыз аң аулау фактісі тіркелді
СҚО-да 3 күнде 9 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді
Жауапты істі абыроймен атқарып жүрген тәртіп сақшылары
Петропавлда жол-көлік апаты салдарынан 1 адам қаза тапты
Петропавлда аялдама әйнегін сындырған қыз қолға түсті
Тайынша ауданындағы кәсіпорыннан 44 тонна жасымық ұрланған
6 мыңнан астам петропавлдық көлік салығын төлемеген
90 солтүстікқазақстандық жалған шaқырту үшін жауапкершілікке тартылған
Скутер тізгіндеген баукеспелер