Жауапты істі абыроймен атқарып жүрген тәртіп сақшылары

Құқық қорғау органдары

22:02 14 Қыркүйек 2021

Маржан Қасымбек, тілші:

– Полицейлер күн-түн демей қоғамдық тәртіпті сақтайды, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қылмыстың бетін ашады. Соңғы аталған бағыт бойынша тер төгіп жүрген тергеушілердің жұмысымен танысу үшін қалалық полиция бөліміне келдік.

Нысанға кіре салысымен бірден call-орталыққа қарай бет бұрдық. Тұрғындардың шағымы ең алдымен осында келіп түседі. Мұндағы екі маман тәулік бойы кезекшілік етіп, қоңырауларға жауап береді.

Тимур Бимақов, қалалық ПБ ЖБО аға инспектор-кезекшісі:

–  Облыс орталығындағы көшелерде тәртіптің сақталуын қадағалаймыз. Күніне шамамен 30-40 қоңырау келіп түседі. Арнайы топ өкілдері 5 минуттың ішінде жиналып үлгерулері керек. Құрамында тергеуші, криминалист пен учаскелік полицей болады.

Көп ұзамай қоңырау келіп түсті. Бұл жолы учаскелік полиция қызметкері мен криминалистің орнын біз ауыстырдық. Белгіленген уақыт ішінде арнайы форманы киіп, тиісті жерге аттандық. Мұнда бірнеше сағат бұрын ұрлық фактісі орын алған екен. Белгісіз ер адам 1-ші қабаттағы пәтерден 10 млн теңгені ұрлап әкеткен. Әр секунд маңызды. Айғақтар жинақтау барысында оқиға орнында күдіктінің әрекеті камераға түсіп қалғаны анықталды.

Қолының жымысқысы бар адам қолға түсті. Күдікке 73-ші жылы дүниеге келген қала тұрғыны іліккен. Сұрақ-жауап алынған соң жинақталған материалдарға талдау жасалуда. Бұл – істің маңызды бөлігі. Онысын тергеуші Жайнагүл Ташмаханованың өзі қарап, таразыға салуда.

Жайнагүл Ташмаханова, қалалық ПБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі:

– Ең алдымен қатысушының арызы бойынша қозғалады. Жәбірленушіден жауап алып, оқиға жайлы ақпарат жинақтаймыз. Қазіргі уақытта қылмыстық істі 2 түрде жүргізуге болады. Қағаз түрінде немесе электронды. Қай форматта жүргізуді жәбірленуші таңдайды.

Күдікті кінәсін мойындағандықтан, іс бірден сотқа жіберілді.

Жайнагүл Ташмаханова, қалалық ПБ ТБ аға тергеушісі:

– Әр түрлі адам кездеседі. Олардың неше түрлі мінездері бар. Олармен тіл табысу қажет. Істің анық-қанығына жетуіміз керек.

Жұмыс оңай емес, жауапкершілігі мол, қауіпті әрі қиын. Қателікке жол беруге болмайды. Жүктелген міндетті абыроймен атқаруда полицейлерге ең алдымен Отанға деген сүйіспеншілігі, екіншіден ісіне деген адалдығы септеседі екен.

Маржан Касымбек

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да жалған ПТР-тест құжатын жасайтын цех әшкереленді
СҚО-да есірткіні шамадан тыс қолданған 3 адам қаза тапқан
Кинологтар арасында жарыс өтуде
Тайынша ауданындағы кәсіпорыннан 44 тонна жасымық ұрланған
Таныспағаны үшін телефонын тартып алған
КАМАЗ жүргізушісі 12 жасар велосипедші қызды соғып кетті
Биыл “102” желісіне 94 мың қоңырау түскен
СҚО-да 4 күнде 24 мас жүргізуші ұсталды
“Соғу қаупін тоқтату!” акциясы өтуде
СҚО полицейлері мектеп жанындағы жолдарды тексеруде
«Абайлаңыз – балалар!» акциясы өткізілуде
СҚО-да 3 күнде 9 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді