ТЖ

СҚО-да 39 жастағы нәзікжанды иіс тиіп қаза тапты

Мағжан Жұмабаев ауданында өрт саны көбейген. Жыл басынан бері 50-ден астам оқиға тіркелген. Соңғы жағдай сенбі күні болды. Аудан орталығында екі қабатты көппәтерлі үй жанып, 39 жастағы келіншек иіс тиіп қаза тапты. Жалпы, ағымдағы жылы аталған ауданда өрттен 6 адам көз жұмған. 4 адам түрлі дене жарақатын алған. Жамбыл ауданында да осыдан бір апта бұрын бір күнде бірден екі өрт оқиғасы тіркеліпті.

Сейілбек Смаилов, Жамбыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы:

–  Благовещенка селосында серіктестіктің қоймасына күн түсіп, өрт туындаған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Тағы бір елді мекенде қызыл жалын жер үйде бас көтерген. Дер кезінде сөндіріп үлгердік. Оттың тұтануына – электр жүйесіндегі ақау себеп.

Алдияр Айтпаев