Құқық қорғау органдары

КАМАЗ жүргізушісі 12 жасар велосипедші қызды соғып кетті

Жаға ұстатарлық жағдай. КАМАЗ жүргізушісі 12 жасар велосипедші қызды соғып кетті. Салдарынан жеткіншек көз жұмды. Қайғылы оқиға бүгін, таңғы сағат 10 кезінде Петропавл-Жезқазған тас жолында орын алған. Қолда бар ақпарға сүйенсек, жүк көлігінің 31 жастағы жүргізушісі облыс орталығына бет алыпты. Спорт мектебінің бір топ тәрбиеленушісі де дәл осы бағытта велосипед тізгіндеген. Қазір істің мән-жайы анықталуда. Факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сараптамалар тағайындалды.

Эльмира Садвокасова